Жаныңа салып сенің байқамай мұң,
Сүйемін деп те сирек қайталаймын,
Қасымда журген соң, биіктігіңдіде көп байқамаймын.
Соқтырсада қатал күндер ызғарын,
Қабағыңды маған мүлде бұзбадың,
Жүзікпен емес біз,жүректерімізбен біргеміз жаным!!!
Ханшайымым-ау жүрегімменен ошағымның иесі,
Шаңырағым мен шаттығымның киесі,
Ыстық сезіммен үнсіз ғана сүйесің.
Ханшайымым-ау бағымды менің жалғыз өзің еселер,
Бағымның гүлі болып бақыт кеше бер,
Бағаңа жетпей жатсам егер кей-кезде сен кеше гөр!!!
Басымдыда өзің төрге сүйреген,
Ешбір адам мені сендей суймеген,
Тілегім сол ғана, өмірлік бізді бөлмесін дегем