Өзiңнен қалсам кезiгiп
Ғажайып бiр күй туатын
Екеумiз ғана сезiнiп
Екеумiз ғана ұғатын
Екеумiз ғана ұғатын
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұң-қайғы
Айым-ау менi қинамай
Айтқызбай бiлсең болмай ма
Алаулап нұрың, жүзiң де
Ботадай көзiң мөлдiреп
Шарқ етер қалған кезiңде
Кетедi жаным, кетедi жаным елжіреп
Наздана күлсең сыңғарлы-ай
Жадырап шамың жанады
Жаңбырдан соң қырлардай
Дүние кетер жаңарып
Дүние кетер тазарып
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұң-қайғы
Айым-ау менi қинамай
Айтқызбай бiлсең болмай ма
Алаулап нұрың, жүзiң де
Ботадай көзiң мөлдiреп
Шарқ етер қалған кезiңде
Кетедi жаным, кетедi жаным елжіреп
А-а-а-а-а-а-а
Айым-ау мен сенi сүйем
Өзіңе қалсам тiл қағып
Зымыран қаным толғатып
Сондағы ойым-арманым
Ғажайып күйiн жырлатып
Ляззатқа кетсек бiр батып
Айтуым керек болса да
Сөз табу қиын мұң-қайғы
Айым-ау менi қинамай
Айтқызбай бiлсең болмай ма
Алаулап нұрың, жүзiң де
Ботадай көзiң мөлдiреп
Шарқ етер қалған кезiңде
Кетедi жаным, кетедi жаным елжіреп
А-а-а-а-а-а
Айым-ау, айым-ау, айым-ау мен сенi сүйем