Қара көз Гүлнарым,
Көктемдей күн - жаным.
Өзіңнен өзгеге,
Көңілді бұрмадым.
Қара көз Гүлнарым -
Сақталған сырларым.
Жатталған жырларым,
Тәтті арман, нұрлы әнім.
қ-сы:
Қызғалдағым менің,
Күзгі арманым менің.
Ай менен күннен де,
Қызғанғаным менің. x2
Қара көз - Гүлнарым,
Құлпырған гүл бағым,
Жүректегі сырды,
Айтқызбай біл бәрін.
Қара көз Гүлнарым,
Әнімді тыңдағын.
Екеумізді күтіп,
Бір бақыт тұр, жаным.
қ-сы
Қызғалдағым менің,
Күзгі арманым менің.
Ай менен күннен де,
Қызғанғаным менің. x2
Қызғалдағым менің,
Күзгі арманым менің.
Ай менен күннен де,
Қызғанғаным менің. x2